27
October
2021
Адал ұрпақ
2021-2022 оқу жылының 26 қазан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде жасөспірімдерге жемқорлық, парақорлық сынды жағымсыз әдеттердің зиянын ұғындыру мақсатында құрылған «Адал ұрпақ» атты ерікті мектеп клубының слеті өтті. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының алғаш рет өткізіп отырған слетіне 50 оқушы қатысып, көпшілікке өз өнерлерін паш етті. Ең алдымен Ұланбасы – 10 «А» сынып оқушысы Сансызбай Әлібек және сынып белсенділері Елбасының «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарының 13-қадамының жемқорлыққа қарсы күресті күшейту міндеттерін іске асырудағы өз үлестерінің ерекше орын алатынын және оларға жүктелген сенімді ақтайтындарын айтып ант етті. Жиынға қатысушылар туған жерге арналған патриоттық өлеңдерін оқып, 9 «Ә» сынып оқушысы Пернебай Бекарыс пен 10 «Б» сынып оқушысы Құлмахамбет Зубарзат «Туған ел», «Қазақтай ел қайда?» әндерін тамылжыта орындады. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелігіне қабылданған барлық оқушыларға төсбелгі тағылып, мектеп директоры Мырзаханов Нұрдаулет Талантұлы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Абдуалиева Бекзат Макеновна өскелең ұрпағымыздың тек адал болып, биліктің биік тармақтарында әділдікпен еңбек ететін адал азаматтарға қашанда жол ашық екенін айтып, жылы лебіздерін білдірді. Қазақстан болашақта «Жемқорлыққа жол жоқ!» ұранымен сыбайластықты қабылдаMayтын, парақорлыққа мүлде төзбейтін мәдениетті қалыптастыратын ел болады. Ол жастарға байланысты. Келешекке ақ жүрекпен, шынайы сеніммен, қарымды қабілетпен, адамдық қасиеттерімен, терең білімдерімен, қажырлы еңбекқорлықтарымен қадам басып, Тәуелсіз еліміздің, мемлекетіміздің Туын биік ұстайтын болашақ жастарымыз жасай берсін!























