20
September
2024
"Дұрыс тамақтана біл!"
Ағымдағы жылдың 20 қыркүйек күні бастауыш сынып мұғалімі Таджи Айжан Құралбайқызы және мектеп мейірбикесі Мамедова Әсем 1 сынып білім алушыларымен "Дұрыс тамақтана біл!" тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Білім алушыларды мектеп асханасымен таныстырып, дұрыс тамақтану негіздерін түсіндірді. Сонымен қатар білім алушылар дұрыс тамақтану тақырыбында Wordwal платформасы арқылы сұрақтарға жауап берді. Дұрыс тамақтану пирамидасымен танысты. Зиянды және пайдалы тағамдарды ажырату мақсатын "Ойлан, тап" әдісі арқылы топтық тапсырма орындады. "Суреттер сөйлейді" әдісі арқылы адам ағзасына пайдалы жеміс жидектердің суреттерін салып, таныстырып өтті.
