22
May
2024
«Су сенің досың және дұшпаның» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өтті.
Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың судағы қауіпсіздік ережелері шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Шомылу маусымы қарсаңында осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау, алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 22 мамыр күні Ойтал ауылдық округінің маңында орналасқан қауіпті шомылу аймақтарына мектеп әкімшілігі күндізгі рейд жүргізді. Рейд барысында келеңсіз жағдайлар орын алмады. Шомылу аймақтарындағы арнайы қаупсіздік белгілерімен танысып, суретке түсіріліп мектептете бірыңғай «Су сенің досың және дұшпаның» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өтті.





