04
May
2024
«Сүйіспеншілік-сыйластық кілті» тақырыбында тренинг өткізді.
Ағымдағы жылдың 4 мамыр күні мектеп психологы:Н.З.Исаева мен әлеуметтік педагог:Г.Х.Саимова Білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау сабақтары бойынша 10-11 сынып білім алушылардың ата-аналарымен Отбасында эмоционалдық тепе-теңдік пен өзара түсіністік орнату үшін балаға сүйіспеншілік таныту қабілетін дамыту мақсатында «Сүйіспеншілік-сыйластық кілті» тақырыбында тренинг өткізді.Тренинг «Informationты блок», «Отбасылық махаббат үйі», «Балалар өмір сүруді өмірден үйренеді», «Балаға айналайын деп айтудың 77 мүмкіндігі», «Отбасы татулығы», «Жүрек сүйіспеншілігі» бөлімдерінен тұрды.Ата-аналар тренинг барысында адамдар арасындағы қарым-қатынаста шынайылықтың маңыздылығын сезінді.Ата-ана махаббатының баланың өмірге деген құштарлығына жолын ашатындығына көздері жетті, сүйіспеншілік сезімі күшті мотивация болатындығын білді. Сонымен қатар ата-аналар өз отбасыларының қандай қасиеттерден құралғандығы, сүйіспеншілік пен татулықтың орнауына қандай үлес қосып жүргендері туралы әңгімелеп берді.Тренинг соңында сүйіспеншіліктерін риясыз білдіретін адамдарды ойлап, жақсы тілектер тіледі.





