01
March
2024
1 наурыз алғыс айту күні
Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Ұлттық құндылықтарды сақтап, қоғамдағы әке, ана, ұстаздардың орнын дәріптеу мақсатында зейнеткер ұстаздармен кездесу өтті. Ұлттық құндылығымыз-ұлтымыздың мәңгілік қорғаушы шамшырағы. Ұлттың қорғаны- бұл біздің ұлттық болмысымызды көрсететін тіліміз, дәстүріміз және рухани байлығымыз. Бүгінгі кездесу «Алғыс айту» күніне орай концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.















