22
April
2021
Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойының іс шаралары
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББМ 15-28 сәуір аралығында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойының іс шараларына байланысты "Ыбырай шығармаларын зерттеудегі инновациялар мен әдістемелер тақырыбында мектебіміздің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахилбаева Динара Хусаиновна баяндама дайындады. Жоғарыдағы еңбектерге қарай отырып, Ыбырай Алтынсаринның қазақ тарихы мен мәдениеті, педагогика саласында ерен еңбек атқарғанын, инновациялар мен әдістемелер түрлерінің негізін сол кезде ақ салғанын білдік. Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған. Ыбырай Алтынсарин- жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес, халқының теңіздей толқып тасыған інжу-маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау етіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат-мүдделерінің кәдесіне ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға" деп қорытындылады.








