14
февраль
2024
"Толқындық қозғалыс" тақырыбында ашық сабақ өткізді
Ағымдағы жылдың 12 ақпан күні "МИФ" айлығының жоспарына сәйкес Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі Мамбетниязова М.Б. 9"А" сынып білім алушыларымен "Толқындық қозғалыс" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында мұғалім оқытудың белсенді әдіс-тәсіл түрлерін тиімді қолдана отырып,топтық,жұптық,жеке жұмыс түрлерін жүргізді.Сонымен қатар "Wordwall", " Flippirty" платформаларын қолданды. Сабақта оқушылар белсенді қатысты, сабақ өз мақсатына жетті.









