26
January
2024
«Сәлемдесу -тәрбиенің бастауы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің 1 «Ә» сыныбында Г. Халмуратова «Сәлемдесу -тәрбиенің бастауы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты : Сәлем беру – әдептілік, инабаттылық, имандылық, көргенділік,
мәдениеттілік белгісі екендігін түсіндіру. Сәлемдесудің бала тәрбиесіндегі алатын орнын анықтау. Сәлемдесу мәдениетіне, ізеттілікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу
Сәлемдесуде дауыс ырғағы, жүріс - тұрысты реттеуге
дағдыландыру.Үлкен адамға сәлем беру - кішінің міндеті.
Сабақ басында мұғалім балаларға сәлемдесу әдебін айтып өтті:
Сәлем беру де парыз,
Сәлем алу да парыз.
Адамшылық амандасудан басталады. Кездескен адаммен тіке
қарап, күлімдеп амандасу парызымыз.
Үлкен адамға сәлем беру - кішінің міндеті.
Сәлем беру - инабаттылық, имандылық, көргенділік,
мәдениеттілік белгісі. Үлкен адамдармен амандасу, мектепте ұстаздармен амандасу ол біздің міндетіміз. Жасы кішілер жасы үлкенге «Сәлеметсіз бе?», — деп амандасады. Далада бір топ қазақтар екіншісімен ат үстінде кездесіп қалса, «Ассалаумағалейкүм» деп, оң қолын созып амандасып, сол қолын амандасушының оң иығына қояды.
1-бөлім «Ескірмейтін есті сөз» мақал – мәтел сайысы
Сабақ барысында оқушылар топтасып «Ескірмейтін есті сөз» мақал – мәтелдің жалғасын тапты.
2-бөлім «Сәлем сөздің анасы» сәлемдесу сөздерін күн шуақтарына жазу
«Сәлем!» «Сәлеметсіз бе!» «Амансыз ба?» «Ассалаумағалейкүм» «Есенсіз бе?»
«Мал-жаныңыз аман ба?»
Ұзақ уақыт көріспеген жандар немесе ұзақ сапардан келген адамның амандығымен қоса, жөншілігін сұрап, егжей-тегжейлі сұрасады. Алыстан келген адамға «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы адам барып сәлем береді» деген ереже бар. Дегенмен, жасы мен жолы үлкен адамдарға сапардан келген адам өзі әдейілеп барып, сәлем беруі тиіс.
Сәлеміміз түзу болсын!
Сәлемдесер адамымыз көп болсын!
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C2j7xlmMCUx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTYzOWQzNmJjMA==