18
January
2024
Адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы
Адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денсаулықты жетілдіру керек демекші денсаулыққа бірден бір көмек ол спорт. Спорт саласында жылдар бойы еңбек етіп, №22 балалар - жасөспірімдер спорт мектебінің таэквондо жаттықтырушысы Кеңес Шыңғыс Ғалымұлы мырзамен кездесу кеші өткізілді. Кездесу телебағдарлама бағытында жүргізілді. Таэквондо жаттықтырушысы Шыңғыс мырзамен сұхбаттасып, білім алушылар тарапынан көкейдегі сұрақтар қойылды. Жаттықтырушы өз шәкіртін сахнаға шығарып, өнерін көрсетті. Оған қоса бағдарлама барысында білім алушылар арасында қол күрес ойыны жүргізіліп, жаттықтырушы қонағымыз төрелік етті. Қосымша қонағымыз Шыңғыс мырза мен шәкіртіміз шахмат ойынын ойнап, қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар Шыңғыс мырза спорттың ұтымды жақтарымен таныстырып, білім алушыларды үйірмеге шақырды.











