10
January
2024
"Бақытты ата-аналар - бақытты балалар"
Ағымдағы жылдың 10 қаңтар күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде "Бақытты ата-аналар - бақытты балалар" атты ана мен бала арасындағы кездесу ұйымдастырды. Кездесудің басты кейіпкерлері- ұстаз ана және баласы, ата-әжелері мен немерелері болды. Мұнда «Дойбы» үйірме жетекшісі- З.Кушикованың ұйымдастыруымен ата-әжелері, ата-аналары мен білім алушылар арасында жарыс өтті. Түрлі қызықты эстафеталық ойындар және жаттығулар білім алушылармен жақынырақ отбасылық қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік берді, ең бастысы ата-аналар өз балаларын мүмкін емес нәрсені талап етпей-ақ сүю керек екенін түсінгендей болды. Бізді қуантатын жайт осы!



