28
November
2023
«Өмір мәні» тақырыбы аясында коучинг өткізді.
Ағымдағы жылдың 28 қараша күні Меркі ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сай және №1530 (31.10.2023 жыл) хаты негізінде 1-30 қараша оқушылардың психологиялық жағдайын нығайту айлығының жоспарына сәйкес 11 «А», «Ә» сынып білім алушыларымен мектеп психологтары «Өмір мәні» тақырыбы аясында коучинг өткізді. Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдерде коммуникативті дағдыларды қалыптастыру, өздеріне және басқаларға оң көзқараспен қарау, психоэмоционалды жағдайды өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту. Психикалық және физикалық денсаулықтың маңызын түсіндіру.Коучинг барысында «Мықты жақтар», «Ресурстар мен өмірлік күш күні», «Мен сағатпын», «Сергіту» аутотренингі, «Әріп таңдау», ойын-жаттығулары жүргізілді.Оқушылар өмір жайлы өз ойларын ортаға салып, өз бойларынан болашаққа деген үлкен нық сеніммен қарайтындықтары, Өмір сүру үшін күйретуші,арам ойлардан аулақ болу керектігі, мазасыз, мағынасыз ойлар адамды психикалық, тәндік жарақатқа шалдықтыратындығы туралы мәліметтер алды.
