27
November
2023
«Құқық бұзушылықты болдырмау және вандализмнің алдын алу»
Ағымдағы жылдың 27 қараша күні 8- 11 сынып білім алушыларына «Құқық бұзушылықты болдырмау және вандализмнің алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізіп, мектеп әкімшілігі, мектеп Ұланбасы, мектеп Парламенті және жас жасақшылар «Қайсар» тобының мүшелері мен ЖПҚБ ЮПТ-ның инспекторы полиция лейтенанты Мұхтар Талшын Қанатқызы тыйым салынған заттарды әкелмеу мақсатында рейд жүргізді. Сонымен қатар вандализмнің жеке адамға немесе көпке ортақ мүлікке орынсыз залал келтіруді, мемлекет қазынасындағы құнды қалаларды, зияраттарды қиратуды, мекемелер сыртына орынсыз суреттер салуға архитектуралық жетістіктерін тонауға, көптеген өнер туындысын алып кетуге тыйым салынатындығы туралы түсіндірді. Психологтардың айтуынша, вандализм адамның девиантты мінез-құлқынан туындайды. Оның салдарынан өнер, мәдениет объектілері мен мемлекеттік маңызды орындар бүлінеді немесе біржола жойылатындығы туралы да мәлімет берілді. Сонымен қатар тыйым салынған заттарды мектепке алып келуге болMayтындығы, түнгі мезгілде заңды өкілсіз жүруге болMayтындығы туралы, тойханаларда даяршы болып жұмыс жасамауға, жол ережесін сақтауға яғни тыйым салынған мапеттерді жүргізуге болMayтындығы туралы, және бүгінгі күні кең таралған қылмыстардың бірі – ол алаяқтық. Алаяқтық - бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену. Қарапайым сөзбен айтқанда алаяқтық -алдау және сенімге қиянат жасау жолымен бөтен мүлікті ұрлау болып табылатындығы туралы түсіндіріп өтті.



