15
September
2023
Диагностикалық жұмыстар жүргізілді
Алты жасар баланың алғаш рет мектепке келуі - балаға да және оның ата-анасына да өте жауапкершілікті кезең болып саналады. Оқу әрекетіне еш ауыртпалықсыз әрі табысты кірісіп кету үшін баланың дені сау және жан-жақты даярланған болуы қажет. Мектепте оқу - бала өміріндегі әр түрлі жүктемесі бар ең маңызды кезеңге жатады: бала өміріндегі әлеуметтік -психологиялық өзгерістер - жаңа қарым-қатынастар, жаңа міндеттер, «оқушының» жаңа әлеуметтік рөлі. Оқушы болу баланы саналы түрде өзінің орнын, мұғалімнің позициясын, қарым-қатынастағы белгіленген ара қашықтықты, осы қарым-қатынастар құрылатын ережелерді талап етеді. Осы орайда 1-сынып оқушыларының оқуға дайындығын, мектепке бейімделуіндегі қиындықтары мен проблемаларын анықтау мақсатында диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Мектеп психологы Назаралиева А.Т.
