19
September
2023
“Дебат” үйірме жетекшісі Қ. Мақышов пікірсайыс өткізді
Ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні Тұрар Рысқұлов атындағы # 20 жалпы орта білім беретін мектебінде “Төрт тоқсан-төрт өнер” ұлттық мәдени ағартушылық жобасы аясында 8-9 сынып білім алушылары арасында “Дебат” үйірме жетекшісі Қ. Мақышов пікірсайыс өткізді. " Жаңа Қазақстанда ақындар айтысының дамуы” пікірсайыс барысында екі фракция ойын алаңын жақсы ашты. Бірі байырғы айтысты қозғаса,екіншісі жаңа ақындар айтысын қолдап екі фракция ойын алаңын керемет жандардырды. Нәтижесінде: "Жаңа Қазақстандағы ақындар айтысын дамуына өз үлестерін қосатынан болашақ жастардың қолында екенін көрсете білді. Халқымыздың көнеден жібі үзілмей келе жатқан өнердің бірі айтыс.Осынау ұлы мұраны насихаттау мақсатында мектепте түрлі іс-шаралар өткізіледі.



