16
October
2023
«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі»
«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», - деген ұлы адамдар. Ең әдемі киім үлгісімен әдемі күнді бастауға себеп болған Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде «ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени-ағартушылық жоба аясында «Ұлттық киім» күніне байланысты ағымдағы жылдың 16 қазан күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Б.Абдуалиеваның ұйымдастыруымен өзге халықтарға ұқсаMayтын өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетінін халқымыздың ұлттық киімдері және әрбір әшекейінде ұлтымыздың тарихы, қайталанбас көрінісі бар екенін түсіндіру мақсатында 7 сынып білім алушыларымен дөңгелек үстел өткізді. Ұлттық киім кию еліміздің мәдениетімен, ұлттық салт-дәстүрімізбен тығыз байланысты. Қазақ елінің дәстүрі мен мәдениетін айырықша бағалаймын деп санайтын әрбір білім алушылар осы күні ұлттық стильдегі киімдерді киіп, өз тарихымыз бен әлі күнге дейін әлемдік деңгейдегі киім тігу шеберлеріне шабыт беретін керемет әшекей, оюлар жасаған бабаларымызға құрмет көрсетті











