24
October
2023
“Қазақстан- Республикам менің!”
«Республика күні – көпұлтты халықтың бірлігінің, әрқайсымыздың туған жерімізге деген шынайы сүйіспеншілігіміздің белгісі. Біздің міндетіміз – тәуелсіздігіміздің негізі болып саналатын айтулы мерекені атап өту. Осы орайда білім алушылар арасында Республика күнінің мәртебесін арттырып, мерекенің тарихи маңыздылығын көрсету мақсатында мектебімізде 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай “Қазақстан- Республикам менің!” тақырыбында салтанатты іс-шарасы ұйымдастырылды. Мерекелік концертте мектеп директоры- Н.Мырзаханов білім алушылар мен барша ұстаздарды Республика күнімен құттықтап, тәуелсіздіктің баға жетпес құндылық екенін айтты. Шара барысында 5-6 сынып білім алушылары «Қазақстаным-егемен елім!» хорын орындаса, өнерлі ұл-қыздарымыз елімізге арналған өлеңдер мен әндер шырқады. Би мен музыкалық композициялардың сан алуандығы көрермендер мен қонақтарды зор қуанышқа бөледі. Кеш қонақтары керемет көңіл - күй, жағымды эмоцияларға бөленіп қайтты. Қатысушылар мен ұйымдастырушыларға зор алғысымызды білдіреміз!!!
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/CyxYHU1Mq1K/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=NTYzOWQzNmJjMA==
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/CyxYHU1Mq1K/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=NTYzOWQzNmJjMA==
