08
November
2023
«Жол ережесінің қауіпсіздігі» тақырыптарында сынып сағаттары өтті.
Білім алушылардың жолда жүру ережесі бойынша түсініктерін пысықтау. Жолда жүргендегі қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керектігі туралы түсіндіру мақсатында ағымдағы жылдың 8 қараша күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің 1-4 сыныптары арасында «Жол ережесін сақтайық», «Жол ережесінің қауіпсіздігі» тақырыптарында сынып сағаттары өтті. Сабақта ұстаздар бағдаршамның көздері бойынша оқушыларды топқа бөліп, жол ережесі туралы, жол белгілері туралы білімдерін ортаға салды. Берілген тапсырмалар бойынша топ болып постер қорғады. Сынып сағатының соңында мұғалім оқушыларға бейнероликтер көрсетіп, жол белгілері, қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсінік берді.



