09
November
2023
«Әжелер мектебі» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді
Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру, отбасында әже мен немере арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында 2023 жылдың 9 қараша күні Тұрар рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің 1 «Ә» сынып жетекшісі- Г.Халмұратованың ұйымдастыруымен «Даналық мектебі» клубының жоспарына сәйкес «Әжелер мектебі» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Іс-шара барысында ардақты әжелерімізарасында құрақ-көрпе құраудың қыр-сырларын үйретіп, ою-өрнектің шығу тарихын түсіндіре отыра, құрақ-көрпе бұйымының жасалу жолын көрсетті. Бірі немересіне құрақ-көрпеге арналған оюдың суретін салу тәртібін үйрете отырса, басқа әжелер ұлттық әндермен әндете отырып ою тарихына шолу жасап, ол не үшін қажет екенін түсіндіріп, бар білгендерін айтуға тырысты. Сонымен қатар әжелеріне тарту ретінде өнерлі бүлдіршіндер ән шашуларын ортаға салып, ән айтып, би биледі.
Барша қатысқан адамдардың көңілдері көкке жетіп, бір марқайып қалды. Әжелерімізге дән риза болып алғысымызды білдіріп, баталарына ие болдық.

Барша қатысқан адамдардың көңілдері көкке жетіп, бір марқайып қалды. Әжелерімізге дән риза болып алғысымызды білдіріп, баталарына ие болдық.


