«Мейірім төгетін ана» Сара Назарбаева – 80 жыл (иллюстрациялық көрме)
Zhambyl region Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретің мектебі
Education Department of Kordai district
«Мейірім төгетін ана»
Сара Назарбаева – 80 жыл
(иллюстрациялық көрме)
АНЫҚТАМА
Өткізілген күні: 10.02.2021 ж.
Ұйымдастырылатың орны: мектеп кітапханасы
Сілтемесі: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=462360011561849&id=100033635623650
Қатысқандар: 26 оқушы
Мақсаты: Өз Отанын, халқын, елі мен жерін сүйетін азамат болып өсуге тәрбиелеу.
Сара Алпысқызы Назарбаева 12 ақпан күні 80 жасқа толады. Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. «Өзіңді өзің таны» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады.
Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғысына білім алып, тәрбиеленуіне мән береді.
Сара Назарбаева бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, «Үміт», жасөскіндер үйлері ашылуда.
Сара Алпысқызы республикамыздағы колледждер мен жоғары оқу орындары және училищелерде білім алып жүрген жатқан жетім балалардың жағдайларына ерекше назар ұстап келеді. Сара Алпысқызы осындай жастарға ай сайын «Бөбек» қоры арқылы қайырымдылық көмек көрсетеді.
Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілігін дамыту, қоғам туралы және бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама дайындаған. Назарбаева С.А. қайырымдылық қызметі үшін «Достық» орденімен, Философияда өзіңді - өзің таны және оқу мәдениетіне қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы І – дәрежелі алтын медалімен, «Юнити» халықаралақ сыйлықтың, СОС Киндердорф Халықаралық қорының алтын медалі, БҰҰ – ЮНИСЕФ халықаралық қорының ескерткіш медалі, Исхан Дограмачи Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығы, Халықаралық «Алтын жүрек» сыйлықтарымен марапатталған.
10.02.2021 ж. мектеп кітапханасында «Мейірім төгетін ана» Сара Алпысқызының 80 жылдық мерейтойына орай иллюстрациялық көрмесі ұйымдастырылып, ақпараттық сағат өткізілді.
Кітапханашы Насибулина М.Р. білім алушыларға көрме бойынша шолу жасады.
Көрмеде «Өзін – өзі тану» - «Самопознание» журналдар, суреттер және иллюстрациялар қойылған.
Оқушылар қызығып, көп керекті мәліметтер алды.


