Мұқағали Мақатаев – 90 жылдығына орай «Мәңгілік – ел алыбы» атты кітап көрмесі
2020-2021 оқу жылында Тұрар Рысқұлов атындағы № 20 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында
Мұқағали Мақатаев – 90 жылдығына орай
«Мәңгілік – ел алыбы»
атты кітап көрмесі жасалынғаны және
«Поэзия! Менімен егіз бе едің?»
атты поэтикалық марафон өткізілген туралы
АНЫҚТАМА
Өткізілген күні: 10.02.2021 ж.
Ұйымдастырылатың орны: мектеп кітапхана
Сілтемесі: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=3702175889859270&id=100002006866006
Қатысқан : 46 оқырмандар
Мақсаты: оқырмандарды Мұқағали Мақатаевтың өмірімен, өнерімен таныстыру, Мұқағали Мақатаев сияқты бір - ақ рет өмірге келетін ұлы адамды, оның өнерін сүюге, құрметтеуге үйрету. оқушыларды өз елінің мәдениетін құрметтеуге, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
18.01.2021 ж. мектеп кітапханасында Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай
«Мәңгілік – ел алыбы» атты кітап көрмесі жасалынды және «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» атты поэтикалық марафон өткізілді.
Ғасырлар тоғысында Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқырман жүрегіне ұялату, өлеңге деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру мақсатында өткізіліп отырған поэтикалық марафон дегеніміз – бұл белгілі бір ақынның өлеңін кезектесіп, мәнерлеп оқу болып табылады.
Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған. Көптеген өлеңдеріне ән де шығарылды.
Ақынның қалам тартпаған тақырыбы қалмапты.Ана мұңын, әже зарын, жетім-жесір қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббаты, адалдықты, достықты жырға қосты. Халқым, елім деп еңіреп өтті.
Иә, ақын бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында ұрпақтарға ұлан-ғайыр мұра қалдырған.
Дантенің, Шекспирдің шығармаларын қазақ тілінде аударған ақиық ақынымыз 1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті.
...Хантәңірідей биіктеп сен барасың, - деп жырлап ақынның өлеңдеріне оқушылар М.Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
«Мәңгілік – ел алыбы» атты кітап көрмесіне кітапхана меңгерушісі библиографиялық шолу өткізіп, ақынның өлеңдер мен прозалық шығармалары насихатталды.
Көрмеде М.Мақатаев «Аманат», М.Мақатаев «Шығармалары» 5 том, «Қазақстан жазушылары» анықтама, «Қазақ әдебиет» энциклопедия, суреттер, цитаталар қойылған.