19
June
2023
Бауырсақ party” өткізілді
“Ас атасы - нан”. Нанды қастерлеуге, нанның адам өміріндегі маңызды ас екендігін түсіндіру, ұлттық дәстүрімізді, қонақжайлылық пен мейірімділікті дәріптеу мақсатында мектеп жанындағы “Балауса” сауықтыру лагерінде ағымдағы жылдың 19 маусымында “Бауырсақ party” өткізілді. Әр топ балалары May бауырсақ, ақ бауырсақ, жол бауырсақ, ши бауырсақ, тұш бауырсақ сынды бауырсақтың түр - түрін пісіріп, көрермендерге дайындалу жолымен таныстырды, бауырсақтан дәм татуға шақырды. Ұлттық тағамдарымызды дәріптеп, молшылық пен тоқшылық болсын деп баталары мен тілектерін айтты.


