16
June
2023
«Туған өлке» күні өткізілді
Анықтама
Жас ұрпақты Отанын сүюге, қастерлеуге, бай – қуатты елін мақтан тұтуға, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 16 маусымында мектеп жанындағы «Балауса» сауықтыру лагерінде «Туған өлке» күні өткізілді. Осы мақсатта «Ертегілер» және «Қарлығаш» тобының балалары Хожагелдиева Анар және Шолпанбаева Гүлнүрдың жетекшілігімен Меркі мұражайына саяхатқа барды. Тәрбиешілер балалардың есіне көшедегі және мұражайдағы қауіпсіздік пен этикалық мәдениетті еске салды. Балаларға мұражай туралы мағлұмат бере отырып, аудандық Меркі мұражайымен таныстырды. Балалардың бойында ата – бабаларына деген құрмет сезімі оянды, өзінің туып – өскен жеріне деген сүйіспеншілігі артты, ата – әжелеріміздің қолданған тұрмыстық заттар жылдар өте келе мұрағатқа айналатынына, егемендік бізге ата – баба ерлігімен келгендігіне көз жеткізді.
Балалардың саябақ туралы түсініктерін молайту, табиғатқа деген қамқорлық сезімін ояту, табиғатты сүйе білуге, оны ластамауға үйрету мақсатында «Көгершін» тобының балалары Ш.Нұрпайзова мен А. Жаманқұлованың жетекшілігімен саябаққа экскурсия жасады. Тәрбиешілер балаларға саябақта өздерін қалай ұстау керектігін, қандай ережелерді қатаң ұстау керектігін түсіндірді. “Менің саябағым” аялдамасы бойынша балалар саябақтағы ағаш түрлерімен, жеміс ағаштарымен танысып, оларға күтім жасады. “Жануарлар “ аялдамасы бойынша балалар “Қояным тұршы”, “Бұл қай жануар? “ сияқты қимылды ойындар ойнады. “Құстар” аялдамасы бойынша балалар “Ұшты - ұшты” ойынын ойнады. “Соңғы аялдама” бойынша балалар асық, волейбол ойнап, әкелген тәттілерін жеп, уақытты ұтымды пайдаланды. Қорытынды ретінде тәрбиешілер “қайда бардың?”, “не көрдің?” деген сияқты сұрақтар қойып , қорытынды жасады.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/Ctig3x9AFrB/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==