03
May
2023
«Ұрпаққа үлгі болған ерлік» атты патриоттық әндер байқауы өтті
Жеңісті жаңғыртуға күш салған ерлігі дастан аға буынның көрсеткен ерлігін жас ұрпаққа насихаттау, жас ұрпақтың бойынан ҰОС ардагерлеріне, Отан қорғаушылар бейнесіне, әскери дәстүрлерге және әскери қызметке деген құрметті қалыптастыру, Отан сүйгіштікпен көпұлттылықты, өскелең ұрпақты туған елдің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, өнерлі оқушыларды анықтап, сахна өнеріне баулу мақсатында ағымдағы жылдың 3 мамыр күні мектебімізде 8-10 сыныбының білім алушылары арасында «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» атты патриоттық әндер байқауы өтті. Байқауда талапкерлердің әнді орындау шеберлiгiне, әннiң оранжировкасына, сахна мәдениетiн игеруіне, киiм кию үлгісіне назар аударылды.











