24
April
2023
«Ынтымағы жарасқан көпұлтты Қазақстан»
«Бірлік болMay тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін Қазақстан халқы 1 May ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Осы орайда мектебімізде ағымдағы жылдың 24 сәуір күні білім алушылардың достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу мақсатында «Ынтымағы жарасқан көпұлтты Қазақстан» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әртүрлі ұлттар арасындағы мерекелік іс-шара өтті. Мерекеде бастауыш сынып оқушылары ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі.
Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар!



Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар!




