25
April
2023
«Бәрі өз қолымда» тақырыбында энерджайзер тренинг өткізілді
Меркі ауданы білім бөлімінің 24.03.2023 жылғы № 353 хаты негізінде жалпы білім беру ұйымдарында 1-30 сәуір аралығында «Білім алушылардың психологиялық денсаулығын нығайтуға бағытталған» айлықтың іс-шаралар жоспарына сәйкес «Бәрі өз қолымда» тақырыбында энерджайзер тренинг өткізілді. Тренингке ДҚТЖО А.Б.Оңланбекова қатысты. Тренинг барысында «Кибербуллинг», «Қақтығыстар» (Флейминг), «Хеппислепинг» (бақытты шапалақтау) кейстері талқыланды және кез келген мәселенің шешеімі бар екендігі дәлелденді. Кикілжіңдердің алдын алу жолында маңызды роль алатын – тәртіп болып табылады. Тәртіп – белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға өзіне қажетті бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет.Сондықтан, қандай жағдай болмасын барлығы әр адамның өз қолында екендігі жаттығулар барысында түсіндірілді және талқыланды, қзіргі таңда «Бала өмірі-басты назарда» екендігі түсіндірілді. Мектеп психологтары
