29
March
2023
Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өткізілді.
Ағымдағы жылдың 29-наурыз күні Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өткізілді. Отырыс барысында бірлестік жетекшісі Г.А. Азильханова тарапынан ІІІ тоқсандағы білім сапасына сараптама жасалынып, білім сапасын арттыру бойынша әдістемелік кеңестер берілді. Сонымен қатар ББЖМ бойынша дайындық жұмыстарын күшейту, білім алушыларды Жаратылыстану пәндері бойынша дайындау жұмыстарын кестеге сәйкес жалғастыру керектігі айтылды. Жаратылыстану айлығының жоспарына сәйкес өткізілген іс-шараларға тоқталып, айлық қорытындысы жасалынды. ӘБ жетекшісі: Азильханова Г.А.
