24
февраль
2023
«Сұлтан Бейбарыстың өмір жолы мен ерліктері»
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасының 2023 жылдың 16 ақпанындағы №01-03\100 хаты, Меркі ауданы білім бөлімінің 17.02.2023 жылғы № 185 хаты негізінде Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай 9 «А», «Ә», «Г» сынып білім алушыларымен «Сұлтан Бейбарыстың өмір жолы мен ерліктері» тақырыбында тарих пәні мұғалімдері Қ.Мақышевтың және М.Жамашовтың қатысуымен тұлғатану сағаты өткізілді. Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толды. Дүниені дүбірлеткен Бейбарыс бабамыз бүгінгі ұрпақ біз үшін қашан да мақтаныш. Сондықтан да оның ерлік тарихын жаңғыртып отыру, кейінгілерге жеткізу әр өз тарихын, отанын, ата-бабасын сыйлаған ұрпақтың қастерлі міндеті екенін түсіндіре отырып ,Мысыр сұлтаны Аюби оны өзінің хатшысы етіп тағайындағаны, сол кезеңде Бейбарыс басқарған Мәмлүк мемлекетінің әскері орта ғасырлардағы екі ірі қолға — "крестілер жорығы" мен моңғол басқыншыларына тойтарыс бергені, 1260 жылы Күтіз сұлтан қайтыс болғаннан кейін, Бейбарыс таққа отырғаны туралы мәліметтер берді және бейнефильм көрсетілді. Сынып жетекшілері: А.Назаралиева, М.Жамашов, А.Абилхаирова.
