10
March
2023
"Food and Drink" атты ашық сабақ өтті.
Жас мамандар онкүндігіне орай бекітілген жоспар бойынша, ағылшын тілі пәні мұғалімі Бокенбаев Ж. Д. 8 «Ә» сыныбымен «Food and Drink» атты ашық сабағын 10.03.2023 ж. жоспарлы түрде өткізді. Мұғалім өз кезегінде заманауи білім беру платформаларын қолданып, әдіс-тәсілдерді шебер қолдана білді. Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес таңдалып алынған және онымен қоса әртүрлі формада жүзеге асырылды. Білім алушылар өздерін еркін ұстай білді және сабаққа деген ерекше ынта танытты. Қорыта айтқанда, шәкірттер белгіленген мақсатқа қиындықсыз жетті және критериалды бағалауды жүзеге асырды, мұғаліммен кері байланыс жасалынды.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Бокенбаев Ж. Д.
