06
февраль
2023
Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру
Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани тірегі бола отырып, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыруға негіздейтін маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Осы орайда,ағымдағы жылдың 6-ақпаны күні № 9 Мұхтар Әуезов атындағы мектеп гимназия базасында Меркі ауданының корганыс істері жөніндегі бөлім бастыгының орынбасары Mayор Жумагулов Тәуіржан Сәбиевичтың , Жалпы әскери пәндер циклының сержанты 2 сынып сержанты Сарсембаев Нуржан Азаматовичтың, Атыс және қару-жарақ циклының сержанты Мырзабаев Шанияр Гаппаровичтің және Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің Шоқан Уалиханов атындағы Әскери колледжінің өкілдерімен 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен кәсіптік бағдар беру бағытында әскери-патриоттық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында әскери колледж өкілдері, оқушыларды оқу орнына қалай түсу керек екендігін және оқуға түсу тәртібі туралы үгіт-насихат жұмыстарын айтып өтті.











