20
January
2023
«Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында кәсіпкерлермен кездесу өткізілді
Ағымдағы жылдың 20 қаңтар күні 9-10 сынып білім алушылармен мектеп психологтары: Н.З.Исаева, А.Т.Назаралиева, кәсіптік бағдар берушілер:Б.Б.Байназаров, А.С.Абилхаированың ұйымдастыруымен білім алушылардың өз-өзіне деген сенімділігін арттыру және бойындағы үрей мен қорқыныштарды жеңуге ықпал жасау мақсатында «Емтихандағы өз-өзіне сенімділік» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды, сонымен қатар кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарына сай «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында кәсіпкерлермен кездесу өткізілді.Бұл кездесудің маңыздылығы – мынау нарықтық қарым- қатынас жағдайында өмірге аттағалы отырған жастардың көкейінде «кім болам?» деген сұрақ тұрғаны анық жағдай екені даусыз сондықтан кездесу сабағымыз оларға өмірде жаңылыспай, өз жолын табуға септігін тигізері сөзсіз. Кездесуге келген қонақтар өз тәжірибелерімен ой бөлісіп, ой толғаныстарын ортаға салды.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/Cns_UNTpcP2/?utm_source=ig_web_copy_link
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/Cns_UNTpcP2/?utm_source=ig_web_copy_link
