05
January
2023
Бастауыш сынып мұғалімдері арасында №3 ӘБ отырысы өткізілді
2023 жылдың 5 қаңтар күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімдері арасында №3 ӘБ отырысы өткізілді. Күн тәртібінде ІІ тоқсан бойынша 2-4 сынып білім алушыларының білім сапасы мен үлгерімі қорытындысы, БЖБ, ТЖБ жұмыстарының талдауы мен модерация жұмыстары талқыланды. ӘБ жетекшісі Медетова Г.Е. ІІ тоқсанның білім сапасы І тоқсанмен салыстырғанда өскенін атап өтті. І тоқсанда әдебиеттік оқу, қазақ тілі және орыс тілі пәндерінен төмен білім сапасын көрсеткен (63,2%) 2 «В» сыныбымен қосымша жұмыстар атқару нәтижесінде II тоқсанда 68,4 %- ды көрсетіп, білім сапасының артқандығы айтылды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Утегенова К.И. сөз алып, мектепалды даярлық сынып оқушыларының сабаққа қызығушылықтары бойынша тексеру нәтижелерін талқылады. І жарты жылдық бойынша 2-4 сынып білім алушыларының оқу дағдысының қорытындылары салыстырылды.
«Lesson study» зерттеу тобының мұғалімдері Бахтыбаева Р., Нурманова Э. және Алимкулова С. зерттеуге қойылған 4 «В» сыныбының білім алушыларына бақылау жүргізгендерін айта өтіп, зерттеу нәтижелерімен таныстырды. ӘБ жетекшісі Медетова Г.Е. L.S жұмыстары бойынша келесі зерттеуге 2 «В» сыныбы қойылғандығын айтты.