06
January
2023
Кезекті педагогикалық кеңес
2023 жылдың 6 қаңтар күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде кезекті педагогикалық кеңес мектеп директоры Н.Т. Мырзахановтың басшылығымен өтті. Күн тәртібінде 2- тоқсандағы білім сапасының қорытындысы, электронды журналдың толтырылу және жүргізілу жағдайы, білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндерінің айлық қорытындысы, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің I жарты жылдықта атқарған жұмыстарының есебі қаралып, тиісті қаулылар қабылданды. Кеңес соңында әртүрлі мәселелер талқыланып, 3-тоқсанға дайындық жұмыстары ұйымдастырылды.





