28
November
2022
"Зорлық - зомбылықсыз 16 күн" науқаны
2022 жылдың 28 қараша күні "Зорлық - зомбылықсыз 16 күн" науқаны аясында, білім алушылардың құқықтық білімдері және заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру мақсатында мектеп инспекторы Е.А. Оспанбековтың қатысуымен кездесу өтті. Қылмыстық жауапкершілік түрлерімен таныстырып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін мәселе екендігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында қылмыстың алдын алу, оқушының бұрыс жолға түспеуі, ата-ананың, мектеп пен мектеп инспекторларының бірлескен іс-қимылдарына байланысты екендігі туралы айтып өтті.
ДҚТЖО: А.Б.Онланбекова

ДҚТЖО: А.Б.Онланбекова


