16
November
2022
Мектепшілік олимпиада
Мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 2022 жылдың қараша айының 14-15 аралығында оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аудандық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті, қазақстан тарихы, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, физика, информатика, химия, биология, география, құқық негіздері пәндері бойынша мектепішілік пәндік олимпиадасы өткізілді.
Олимпиада тапсырмаларын дайындап, оқушыларды ұйымдастыру әдістемелік бірлестік жетекшілеріне жүктелді.Әр пәндер бойынша олимпиада резервтері және олимпиадаға дайындау кестелері бекітіліп, қоғамдық-гуманитарлық пәндер, жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша 8-11 сыныптар оқушылары қатыстырылды.
Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен озық шыққан оқушылар іріктеліп, аудандық пәндік олимпиадаға қатысатын команда жасақталып, алдағы кезеңдерге дайындық жұмыстары ұйымдастырылуда.
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Демесинова С.Д.