23
August
2022
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебі
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебін 2021-2022 оқу жылында 58 түлек аяқтап, оның ішінде 32сі UNT тапсырды. Нәтижесінде 16 оқушы ЖОО-на грантқа оқуға түссе, 17 оқушы ЖОО-ның ақылы бөліміне түсті. Өткен оқу жылымен салыстырғанда грантқа оқуға түскен білім алушылар саны 9%-ға өскен.
«Бұл ретте әрбір шәкіртіне өз жүрегінен орын беріп, болашағынан үлкен үміт күтіп, бар еркелігін көтеріп, қалаған мамандығының грант иесі болуына күш-жігерін жұмсаған ұстаздар қауымы мен балаларының болашағы үшін бәйек болған ата-аналардың да еңбегі өлшеусіз. Бұл ұстаздар қауымы үшін еңбектің ақталғаны, зор жетістік, ерекше қуаныш деп білеміз»