Материалы за Декабрь 2023 года » Страница 8 » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Version for
visually impaired
» Материалы за Декабрь 2023 года » Страница 8
«Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді» атты әдеби танымдық кеш өтті.
08
December
2023
«Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді» атты әдеби танымдық кеш өтті.
  Ағымдағы жылдың 9 желтоқсан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің айлық жұмыс жоспарына сәйкес өзге ұлт оқушыларының сыныптан тыс жазушы Оралхан Бөкейдің туғанына -80 жыл толуына орай «Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді» атты әдеби танымдық кеш өтті. Мақсаты: Қазақ әдебиетінің XX ғасырдағы ұлы тұлғалардың мерей тойына байланысты жазушының өмірі мен шығармаларын дәріптеу және насихаттау.«Алтайдың Кербұғысы»атанған
«Дұрыс тамақтанудың пайдасы»тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
08
December
2023
«Дұрыс тамақтанудың пайдасы»тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Ағымдағы  08 желтоқсан күні 2023 жылы 5«Ә» сынып оқушыларымен   «Дұрыс тамақтанудың пайдасы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты:  Білім алушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып,қосымша мәліметтер бере отырып,денсаулық құндылығы,дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту болды. Тәрбие сағатында  презентация қолданылып,білім алушыларға тапсырмалар берілді. Сынып жетекші :Байболсынова  Жанар
«Мақатаев оқулары»
08
December
2023
«Мақатаев оқулары»
  ҚР Оқу - ағарту министрлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығына сүйене отырып,«Akberen Education» - Ақберен республикалық танымдық - шығармашылық журналы ұйымдастырған қазан - қараша айындағы Республикалық «Мақатаев оқулары»конкурсына қатысып,менің білім алушыларым жүлделі I, II, III дәрежелі Дипломдармен марапатталды Оқушыларыма шығармашылық табыс тілеймін Пән мұғалімі: Мамыткеримова Эльмира Тынышбековна Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі(Орыс сыныптары)
Құттықтаймыз!
08
December
2023
Құттықтаймыз!
  Білім алушылардың  ой-өрісін кеңейту; білімге деген құштарлыққа танымдық ойын арқылы жетелеу, елінің тарихын білуге, жылдам шешім қабылдауға баулу мақсатында аудандық 10-сыныптар арасында өткен "Зерек" интелектуалды ойында Тұрар Рысқұлов  атындағы №20 ЖОББ мектепбінің 10 "Ә " сынып білім алушысы Оңдасын Жансая 2 орынды иеленді
«Шәкіртінің шеберлігі- жақсы ұстаздан!»
08
December
2023
«Шәкіртінің шеберлігі- жақсы ұстаздан!»
  Тұрар Рысқұлов атындағы № 20 жалпы орта білім беретін мектебінде «Шәкіртінің шеберлігі- жақсы ұстаздан!» тақырыбында үйірменің онкүндігіне орай «Жеңіл атлетика» үйірме жетекшісі Акатаев Нұржанның ұйымдастыруымен жеңіл атлетикадан үйірмеге қатысушы білім алушылар арасында жарыс өтті. Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C0ltYiMspUC/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=NTYzOWQzNmJjMA== 
«Туралықты тұғыр еткен Төле би»
08
December
2023
«Туралықты тұғыр еткен Төле би»
  Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 8 желтоқсан күні «Туралықты тұғыр еткен Төле би» атты Төле бидің туғанына 360 жыл толуына орай адалдық сағаты 5 «А» сыныбында өткізілді. Халқымыздың тарихында ерекше орны бар Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі.
«Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы -Мағжан Жұмабаев» атты аймақтық эссе байқауы
08
December
2023
«Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы -Мағжан Жұмабаев» атты аймақтық эссе
  2023 жылдың 6 желтоқсан күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ұйымдастыруымен Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай 5-11сынып оқушылары арасында өткізілген«Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы -Мағжан Жұмабаев» атты аймақтық эссе байқауына қатысып, оқушыларымыз I, II, III дәрежелі Дипломдармен марапатталды. Оқушыларымызға шығармашылық табыс тілейміз.
«Бес асық- ұлттық ойын, ұлттық құндылық»
07
December
2023
«Бес асық- ұлттық ойын, ұлттық құндылық»
  Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-əрекеттерінің негізгі түрі. Аса көрнекті үздік педагог Н.К. Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп толғанады: «Ойын – өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдыларын қалыптасып шыңдалады». Қазақтың бұл ұлттық ойынының қажет екеніне көз жеткізе отыра, қазіргі заман
«Дойбы ойынының ережелері» тақырыбында ашық сабақ өтті
07
December
2023
«Дойбы ойынының ережелері» тақырыбында ашық сабақ өтті
7 желтоқсан күні оқушылар арасында дойбы ойының мықты спортшыларды анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты нығайту мақсатында «Дойбы» үйірме жетекшісі-З.Кушикованың ұйымдастыруымен 3-6 сынып білім алушылары арасында «Дойбы ойынының ережелері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ойдың ұшқырлығы мен қырағылықты талап ететін бұл сабақтағы ойын бұрынғыдан өзгерек болды. Сонымен қатар сабақта мұғалім оқушыларға «Торғайлар» қимылды жаттығуларын орындатып, ұлттық ойындар туралы мәлімет беріп,