"Біз туберкулезді жеңеміз" тақырыбында отбасылық эстафета
Ағымдағы жылдың 15-наурыз күні мектеп медбикелерінің ұйымдастыруымен "Салауатты өмір салтын қалыптастыру"ұранымен "Біз туберкулезді жеңеміз" тақырыбында әкем, шешем және мен отбасылық эстафета жарысы өткізілді. Жарысқа СӨСҚ орталығының жетекшісі- Х.Ж. Адешова, СЭББ эпид бөлімінің дәрігері Қ. Б. Давренбекова, Фтизиатор дәрігері Г.А. Айнаева және ата аналар мен білім алушылар қатысты. Жарыста Қыран, Сұңқар, Тұлпар топтары 6-этап бойынша жарысты. Жарыс өте қызықты және тартысты болды.